Құрамында тұзы бар және өсімдік шикізатын негізінде отандық косметикалық өнімдер өндірісін ұйымдастыру
Құрамында тұзы бар және өсімдік шикізатын негізінде отандық косметикалық өнімдер өндірісін ұйымдастыру
Шымкент университетінің ғалымдары бастамасымен «Құрамында тұзы бар және өсімдік шикізатын негізінде отандық косметикалық өнімдер өндірісін ұйымдастыруға» арналған маңызды жобаны жүзеге асыруда.
Тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар, денсаулыққа, шаруаға сонымен қатар косметикалық өнімдерді өндіруге болады.
Шымкент университетінің жетекші ғылыми қызметкері б.ғ.д., профессор Исаева Акмарал Умирбековнаның айтуынша жобаның басты мақсаты Арал теңізінің экологиялық проблемасын шешуге өз үлесін қосу. Жұмыс тобы мүшелерінің зеттеу аясына айналған Арал өлкесіндегі флоралық және тұздардың әртүрлі түрлері, тұзды ерітінділер, тұнбалар, тұз өндірісінің қалдықтары косметикалық өнімдер өндірісін ұйымдастыруға алып келді.
Зерттеу нәтижесінде, емдік және сауықтыру ванналарына арналған «Аралия» тұзы өндірдік. Сонымен қатар тұзды-шөптік гигиеналық аяққа арналған ұнтақ, ауыз қуысын күтуге арналғанбэликсирі, саусақтар тырнақтарының пластинкаларын нығайтуға және дезодорациялауға арналған тұзды-шөптік сығындысы,әмбебап скрабы дайындалды.
Мемлекет ғалымдарымызға қолдау көрсетіп, Қазақстандықтарды тек жергілікті тамаша шикізаттан жасалған жоғары сапалы органикалық косметикалық өнімдермен қамтамасыз ету үшін шағын зауыт салуға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Байланыстар
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы, Жібек жолы көшесі, жер телімі №6 Индекс:160031 Тел.: 8(7252) 55-58-61 Пошта: shu2050@mail.ru