Еріктілер ұйымы


Image

«Жомарт жүрек » ұйымының жетекшісі

   Аюпхан Балнұр Аюпханқызы 

  Байланыс номері 8778 481 26 84

 

«Жомарт жүрек» еріктілер ұйымы

«Жомарт жүрек еріктілер» ұйымы – студенттердi әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отансүйгiштiкке, лидерлiк сапаларға, өзара қолдау мен түсінушілікті қамтамасыз етеді. Ең бастысы жастардың өмір жолында, қоғамда өз орнын табуға және қайырымдылық жасауында себепші болады. 

«Жомарт жүрек еріктілер» ұйымының мақсаттары және міндеттері:

  • Шымкент университеті студенттік жастары арасында әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек пен  қолдауды дамыту.
  • Патриоттық сезімді, көшбасшылық қабілетті, экологиялық, эстетикалық негіздерді қалыптастыру.
  • Рухани және физикалық тұрғыдан балалар мен қарттарға көмек көрсету.
  • Балалар мен қарттардың түрлі ауруларға қарсы күш-жігерін және өмірге деген қызығушылығын арттыру. 
Image
Image
Image
Image

Волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларна арналған жазғы мектебі өткізілді.

    Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларна арналған жазғы мектебі өткізілді. Волонтерлік көшбасшылардың жазғы мектебінде бір-бірімен тығыз қарым қатнас орнату және қаламыздың тазалығы және басқада қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан жастармен Тау самалына демалыс аймағына саяхаттап қайтты.

«Балдырған – Балалар» атты мүгедек балалар үйінде іс-шара өтті.

Жастар ұйымының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Балдырған – Балалар» атты мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде іс-шара өтті. Шымкент университетінің дайындаған сахналық қойылымдары, мың бұралған билері және әсем әндерімен балалардың көңілін көтеріп қайтты. Балдырған балалар біздің болашағымыз, балалар біздің ертеңіміз деп, Жастар ұйымының  студенттерімен тамаша концерттік бағдарлама өткізді. Балалар үйіне деп, Жастар ұйымы қаржылай көмек жинады және Шымкент университетінің басшылығы қолдау білдіріп қаржылай көмек көрсетті. Жиналған қаржыны, №6 балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы; Оспанов Бақытжан мырзаға табысталды. Мүмкіндігі шектеулі балалар үйінің басшылығы қаржылай көмек көрсеткені үшін Шымкент университетінің басшылығына арнайы алғыстарын білдірді.    
Image
Image
Image
Image
Image
Image

«Жасыл желек – Айналаның көркі демек» атты акциясы өтті.

Жастар ұйымының ұйымдастыруымен «Жасыл желек – Айналаның көркі демек» атты экалогиялық жобасы аясында белсенді студенттерімен, университет ауласына «Ағаш егу» көкалдандыру жұмыстарын жүргізді. Аталған жоба аясында экалогиялық білім, патриоттық рух пен  өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында өтті. Оқу ордамызды таза ұстау біздің  басты міндетіміз.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish