Қарақалпақстан Республикасындағы Инновациялық технологиялар университетіндегі ұйымдастырылған семинар
 
2026 жылдың 16 қарашасында Қарақалпақстан Республикасындағы Инновациялық технологиялар университетінде «Жаратылыстан ғылымдары» кафедрасының аға оқытушысы, а.ш.ғ.к. Л.М.Мамбетова «Жоғары білім беруді инклюзивті трансформациялау: халықаралық тәжірибе, озық педагогикалық практикалар және қолжетімді, тең құқықты әрі студентке бағдарланған білім беру ортасын қалыптастырудың заманауи стратегиялары», «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD)  Г.А.Белгибаева «Жасанды интеллект дәуіріндегі жоғары білім: оқытушының жаңа рөлі және оқытудың инновациялық стратегиялары» және п.ғ.к. Қ.Ә. Ибрагим «Болашақ мамандардың икемді дағдыларын дамыту мәселелері» тақырыбында семинарда баяндама жасады.
Семинар барысында жасанды интеллекттің жоғары білім беру жүйесіне ықпалы, оны оқу үдерісінде қолдану мүмкіндіктері, цифрлық технологиялардың артықшылықтары мен туындайтын мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, болашақ мамандардың икемді дағдыларын қалыптастыру механизмдерін дамыту мәселелері талқыланды.