Құрметті білім алушылар!
Шымкент университеті 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Конкурсқа төмендегі талаптарға сәйкес келетін білім алушылар қатыса алады:
- бакалавриаттың 2–3-курс студенттері және магистратураның 1-курс магистранттары;
- оқу үлгерімі «А», «А−», «В+», «В» бағаларына сәйкес болуы;
- шет тілін қабылдаушы университет белгілеген деңгейде меңгеруі.
Бітіруші курс білім алушылары конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 10 қараша.
Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Білім алушының өтініші.
- Оқу туралы келісім.
- Паспорт көшірмесі.
- Университеттің мөрімен расталған транскрипт.
- Университеттің мөрімен расталған жеке оқу жоспары (ЖОЖ).
- Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат: IELTS, TOEFL, HSK немесе басқа тиісті сертификат.
- Ұсыным хат — магистранттар үшін.
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне, № 226 кабинетке (бас ғимарат) хабарласуларыңызды сұраймыз.