«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2026» КОНКУРСЫ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру сапасын арттыру, оқытушылардың кәсіби жетістіктерін қолдау және педагогикалық шеберлікті ынталандыру мақсатында жыл сайынғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізеді.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары қатыса алады. Үміткерлердің педагогикалық және ғылыми жетістіктері, инновациялық оқыту әдістері мен кәсіби қызметінің нәтижелері бағаланады.
I кезең: 5–18 қараша 2026 жыл (сағат 18:00-ге дейін).
II кезең: 1–12 желтоқсан 2026 жыл.
Өтінім беру порталы: universitycontest2026.kz
Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамын конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!