Шымкент университеті QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумына қатысты
2026 жылғы 19 қарашада Астана қаласында өткен QS Eurasia Forum 2026 халықаралық форумына Шымкент университетінің ректоры Н.А. Сейітқұлов бастаған университет делегациясы қатысты.
Форум аясында Қытай, Әзербайжан және Гонконг университеттерінің өкілдерімен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу және халықаралық әріптестікті кеңейту мәселелері талқыланды.
Форумдағы маңызды оқиғалардың бірі – Шымкент университетіне QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша «3 жұлдыз» мәртебесінің қайта табысталуы болды. Бұл көрсеткіш университет қызметінің халықаралық талаптарға сәйкестігін және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін айқындайды.
Аталған жетістік Шымкент университетінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі беделін арттыруға, академиялық байланыстарын кеңейтуге және жаһандық серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.
#QSEurasiaForum

