Шымкент Университетінде ұлттық спорт түрлерінен спартакиада өтті
21 қараша күні Студенттер күніне орай ұлдар арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбы аясында қазақ ұлттық спорт түрлерінен университет аралық спартакиада өтті.
Қазақ ұлттық спорт түрлері негізінде болашақ мамандарға салауатты өмір салтын насихаттау мен тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып, қол күрес, кір тасын көтеру, ләңгі тебу, арқан тартыс және тоғыз құмалақ ұлттық спорт түрлерін қамтыды.
Спорттық сайыста әр спорт түрінен жүлделі(I, II, III) орындар, университет ректорының дипломы және кубогымен марапатталды.