Шымкент университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы «Шымкент марафонының» жеңімпазы атанды


Жексенбі, 11 қыркүйекте жылдың басты спорттық оқиғасы Шымкент марафоны өтті, оған Қазақстанның әр түкпірінен және ТМД елдерінен 4,5 мыңнан астам адам қатысты. Шымкент марафоны 2018 жылдан бері өткізілсе, биыл бұл шара бесінші рет өткізіліп отыр. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, спортшылар қиын қашықтықтарды таңдайды.

Марафонға әркім өзінше дайындалады. Біреу, мысалы, дұрыс тыныс алуды және күштерді бүкіл қашықтыққа бөлуді үйренеді. Жанболат Серімбетов өз мамандығының арқасында салауатты өмір салты туралы бәрін біледі. Бірде-бір марафоннан қалмауға тырысады.

«Бұл жаппай жүгіруді Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Спорт басқармасы ұйымдастырды. Бұл шараға менімен бірге Шымкент университетінің түлектері де қатысты. Марафонға әуесқойлар да, кәсіпқойлар да келетінін білесіздер. Басты мақсат – салауатты өмір салты идеяларын көпшілікке таныстыру, спортты кеңінен насихаттау».

Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, жаңа тұғырларды бағындырып, алға ұмтыла беруіне тілектеспіз!


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61