Баку қаласында орналасқан Әзербайжан университеті 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент университетінің 2 және 3 курс студенттерін оқуға шақырады.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген студенттер төмендегі талаптарға сай болуы және қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
-
Орташа академиялық үлгерім балы (GPA) кемінде 3,0;
-
Шет тілін B2 деңгейінде меңгеру (IELTS, TOEFL немесе басқа сертификаттар).
Қажетті құжаттар тізімі:
-
Студенттің өтініші;
-
Паспорт;
-
Оқу келісімі (Learning Agreement);
-
Паспорттың көшірмесі;
-
Транскрипт (университеттің ресми мөрімен);
-
Жеке оқу жоспары (университеттің ресми мөрімен);
-
Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL және т.б.).
Құжаттарды 2025 жылдың 29 желтоқсанына дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (226-кабинет) тапсыру қажет.
Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаментінен (226-кабинет) алуға болады.