1

Баку қаласында орналасқан Әзербайжан университеті 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент университетінің 2 және 3 курс студенттерін оқуға шақырады.

Баку қаласында орналасқан Әзербайжан университеті 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Шымкент университетінің 2 және 3 курс студенттерін оқуға шақырады.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген студенттер төмендегі талаптарға сай болуы және қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Орташа академиялық үлгерім балы (GPA) кемінде 3,0;

  • Шет тілін B2 деңгейінде меңгеру (IELTS, TOEFL немесе басқа сертификаттар).

Қажетті құжаттар тізімі:
  • Студенттің өтініші;

  • Паспорт;

  • Оқу келісімі (Learning Agreement);

  • Паспорттың көшірмесі;

  • Транскрипт (университеттің ресми мөрімен);

  • Жеке оқу жоспары (университеттің ресми мөрімен);

  • Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL және т.б.).

Құжаттарды 2025 жылдың 29 желтоқсанына дейін Халықаралық ынтымақтастық департаментіне (226-кабинет) тапсыру қажет.
Қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық департаментінен (226-кабинет) алуға болады.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы