Отбасы күні
2024 жылы қыркүйек айының екінші жартысында Республика көлемінде– "Отбасы күнін" атап өту және ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау барысында Шымкент университетінде Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" атты тақырыпта мерекелік іс-шара аталып өтілді. Отбасы институтының сақтау және нығайту мәселесі мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып саналады.Мерекелік іс-шарада "Алтын шаңырақ" және "Күміс кереге" аттанған отбасылары қонақта болды.Олар: Айтбаевтар отбасы мен жақында ғана Шымкент қаласы бойынша жылда өткізілетін "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының жеңімпазы атанған Бүркіт отбасылары болды.
Екі отбасы да өздерінің халқымыздың рухани байлығының бірі – отбасы, шаңырақ құндылықтары туралы білім алушы жастарға өнеге ретінде айтып отырды.