Erasmus + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Қалабайқызы Палуанова Шымкент университетінде инфосессия өткізді
2024 жылы 16 қазанда Erasmus + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Калабаевна Палуанова Шымкент университетінде ақпараттық сессиясын өткізді. Ақпараттық сессияға Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Исаева Ақмарал Умирбековна, факультет декандары, кафедралардың меңгерушілері, ПОҚ, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры және академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша үйлестірушілер қатысты.
Ақпараттық сессияда Erasmus + және Жан Моне бағдарламаларының жобаларына қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту талқыланды.
Кездесу халықаралық ынтымақтастық пен халықаралық байланыстарды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашты.