Шымкент университеті мен Әзірбайжан тілдер университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

   2024 жылдың 22 қазанында Шымкент университетіне Әзірбайжан Тілдер университеті өкілдері іс-сапармен келді. Шымкент университеті мен Әзірбайжан тілдер университеті арасында жаңа мүмкіндіктерді ашатын ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

   Меморандумның басты мақсаты-студенттермен, магистранттармен және профессор-оқытушылар құрамымен алмасу, сондай-ақ "Жан Моне"бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру.

   Сапар аясында ф.ғ.д. профессор Әлиев Маммад 6В01703 "Орыс тілі мен әдебиеті" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған "Қазіргі орыс тілі"пәні бойынша қызықты дәріс оқыды. Өз кезегінде, PhD, доцент Жахангиров Фикрат 6В01704 "Шет тілі: екі шет тілі" мамандығы білімалушыларына "Лексикология" пәні бойынша білімдерімен бөлісті.

 

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы