Академиялық ұтқырлық
Шымкент университеті мен Альфраганус университеті арасындағы Меморандумның нәтижесінде 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде 11 білім алуышы академиялық ұтқырлық аясында университетімізде өздерінің білім жолдарын сәтті аяқтады.
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы, г.ғ.к. Саулембаев Алтынбай мен Педагогикалық ғылымдар факультетінің деканы, PhD доктор Джанабаев Даурен білім алушыларымызға Алғыс хаттар мен транскрипттерін салтанатты түрде тапсыруды басты міндеттері ретінде қарастырды.
Алғыс хаттар – білім жолында табандылық танытқан жастардың еңбектерін атап көрсету үшін, ал транскрипттер – олардың академиялық жетістіктерінің айқын дәлелі.
Біздің білім алушыларымызға болашақта зор жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер тілейміз. Әр жаңа қадамдарыңызда сәттілік серік болсын!