2025 жылдың 26 және 27 ақпанында Шымкент университетінде Өзбекстан, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты - "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" және "Музыкалық білім"білім беру бағдарламалары бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасын іске асыру.
2026-2027 оқу жылынан бастап Шымкент университетінің студенттері қазақстандық дипломды ғана емес, сонымен қатар, шетелдік серіктес университеттің дипломын да алуға бірегей мүмкіндікке ие болады.