Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетімен қосдипломды білім беру бағдарламасын іске асыру.
2025 жылдың 26 және 27 ақпанында Шымкент университетінде Өзбекстан, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің делегациясымен кездесу өтті.
Бұл кездесудің мақсаты - "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" және "Музыкалық білім"білім беру бағдарламалары бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасын іске асыру.
2026-2027 оқу жылынан бастап Шымкент университетінің студенттері қазақстандық дипломды ғана емес, сонымен қатар, шетелдік серіктес университеттің дипломын да алуға бірегей мүмкіндікке ие болады.