Академиялық ұтқырлық аясында Түркия мен Польшада білім алу
Шымкент университетінің студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелде оқуын жалғастыруда. 2024-2025 оқу жылының көктемгі семестрінде тоғыз студент Польша, Түркия және Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшаның Познань қаласындағы Адам Мицкевич университетіне екі студент оқуға жол тартты:
- "Шет тілі: екі шет тілі" білім беру бағдарламасының екінші курсында оқитын Бердіхан Айбек және
- "Химия"білім беру бағдарламасының үшінші курс студенті Үсен Мұса.
Сонымен қатар, Түркиядағы Анкара университетінде "Шет тілі: екі шет тілі" бағдарламасын екінші курс студенті Валиева Зульфинигор оқуын сәтті жалғастыруда. Магистрант Бейсебаева Ақерке Хажеттепе Университетінде өз білімін жетілдіруде.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу студенттерге мәдениетаралық қарым-қатынас пен ерекше жағдайларға бейімделу тұрғысынан жаңа көкжиектер ашып қана қоймай, олардың еңбек нарығында табысты мансап алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.