2025 жылғы 14 қазанда Шымкент университеті мен Польша Республикасындағы Адам Мицкевич атындағы Познань университеті арасында "Химия" білім беру бағдарламасының магистратура деңгейінде білім алушылары үшін қос дипломды білім беру туралы Меморандумға қол қойылды.
Шымкент университеті атынан келіссөздерге Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор Исаева Ақмарал Умирбековна және Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушісі Тлегенова Қулайша Бейсенбаевна қатысып, Познань университетінің ректоры, профессор Богумил Каминьскимен жеке кездесуде болды.
Кездесу барысында тараптар білім беру бағдарламасы аясындағы оқу пәндерінің сәйкестігін анықтап, магистранттардың оқу кезеңдері мен академиялық ұтқырлық шарттары бойынша келіссөздер жүргізді.