2025–2026 оқу жылында Шымкент университетінің «Құқық және тарих» кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Анкара университетінің профессоры Абдуллах Гундоғду келіп, «6В01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының студенттеріне кеңес-беру, шеберлік сабақтары, дөңгелек үстел, семинар және дәріс сабақтарын өткізді.
Іс-шаралар барысында профессор «Түркі халықтарының тарихы» және «Тарихи-мәдени ескерткіштер» пәндері бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, түркі өркениетінің тарихы мен мәдени мұрасы жайлы құнды деректер ұсынды.
Студенттер мен оқытушылар профессордың мазмұнды дәрістеріне зор қызығушылық танытып, ризашылықтарын білдірді.