СФАКС университетінің басшылығымен кездесу

СФАКС университетінің басшылығымен кездесу

Шымкент университеті ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор Акмарал Өмірбекқызы Исаева Сфакс университеті президентімен, проректорларымен және декандарымен ғылыми-іскерлік кездесу өткізді. Бұл университет Сфакс қаласында орналасқан және Тунистегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Польша, Қазақстан және Түркиядан келген бірқатар профессорлар мен ғалымдар үшін Сфакс университетінің зертханаларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны профессор Мохаммед Буссаид жүргізді.

Кездесу барысында профессорлар мен ғалымдардың дәрістері тыңдалып, баяндамалар жасалып, ғылыми пікірталастар өткізілді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы