2025-2026 оқу жылында Туркия Республикасының Стамбул Гелишим университетінің ғалымдары, профессор Кизлет Али және Мустафа Жан академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында біздің университет білім алушыларына дәрістер оқып жатыр.
6В01401 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының білім алушыларына дене шынықтыруды оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін меңгертіп, спорттық-практикалық дағдыларын дамытуда өз үлесін қосуда.



