«Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 05 қарашасында «ALAN» Халықаралық мектебінің директоры Ж.Тажиеваның «Білім беру ұйымдарындағы нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру жолдары» атты әдістемелік семинар өтті.
Семинарда білім беру ұйымдарындағы (Soft skills ) жұмсақ дағдыларды дамыту мәселелері және нормативтік құжаттармен жұмыс жүргізу жолдары талқыланды.
Семинар соңында спикерге университет ректорының алғыс хаты табысталды.



