2024 жылдың 14 қарашада № 79 жалпы орта мектептің директорының тәрбие ісі жөнідегі орынбасары Маркабаева Камар Маркабаевна келіп дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелде жұмыс берушілердің заманауи біліктілікке ие түлектердің күтетін негізгі дағдылары мен сапалары талқыланды. Олардың арасында коммуникативті дағдылар, шығармашылық ойлау, цифрлық сауаттылық және командалық жұмысқа бейімділік ерекше атап өтілді.
Кафедраның бітіруші түлектері үшін жұмыс тәжірибесін жинақтау маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, екі жақты серіктестіктің артықшылықтары туралы сөз қозғалды.
Дөңгелек үстелде түлектерге мансап жолдарын дұрыс жоспарлау, кәсіби мақсаттарды анықтау және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті қадамдар туралы маңызды ақпараттар берілді.



