1

№ 97 жалпы орта мекемесінен Алтыбаев Бағдат Досжанұлы Ақпараттық-практикалық кездесу өткізді.

2025 жылдың Сәуір айының 07 жұлдызында  № 97 жалпы орта мекемесінен Алтыбаев Бағдат Досжанұлы Ақпараттық-практикалық кездесу өткізді. Кездесу мақсаты - түлектерді еңбек нарығындағы өзекті үрдістермен, кәсіби даму мүмкіндіктерімен және жұмысқа орналасу механизмдерімен таныстыру; практикалық кеңестер беру арқылы олардың кәсіби бейімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру; мансаптық жолды жоспарлауға, тиімді коммуникация құруға және кәсіби ортаға бейімделуге қолдау көрсету.

Кездесу барысында еңбек нарығындағы жаратылыстану саласы бойынша сұранысқа ие кадрларға қойылатын талаптар жан-жақты қарастырылды. Түлектер мансаптық мүмкіндіктерін іске асыру бағытында түйіндеме мен мотивациялық хатты дұрыс әзірлеу, HR-сұхбаттан өту техникасы және өзін-өзі таныстыру дағдыларын, жеке іс ашу мүмкіндіктері, стартап пен бизнес-жобаларға қатысу жолдары туралы мағлұматтар алды. Кездесу соңында түлектерге арналған ақпараттық-практикалық кездесу өз мақсатына толық жетті. Кездесу түлектер мен жұмыс берушілер арасындағы тікелей диалог орнатуға мүмкіндік беріп, нақты ұсыныстар мен кеңестер алмасуға жағдай жасады. Қатысушылар болашақ кәсіби жолын жоспарлау бойынша маңызды бағыт-бағдар алып, өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер жөнінде түсінігін кеңейтті.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы