Баку қаласындағы Әзербайжан университеті мен Шымкент университеті арасында Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандум екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Құжатта білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру, халықаралық конференциялар, семинарлар мен тағылымдамалар ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру бағдарламалары мен тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылған.
Тараптар бұл Меморандум алдағы уақытта өзара серіктестікті нығайтып, халықаралық білім беру кеңістігінде екі университеттің әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп сенім білдірді.



