2025 жылғы 24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Шымкент университетінің Құқық және тарих кафедрасының өкілі, PhD докторы Ережепқызы Р. Вьетнам Социалистік Республикасының Ханой қаласында өткен CIEMB 2025 халықаралық конференциясына қатысты.
CIEMB 2025 – Азия, Еуропа және басқа да аймақтардың ғалымдарын, академиялық қауымдастық өкілдерін, мемлекеттік органдар мен сараптамалық орталықтарды біріктіретін ірі халықаралық ғылыми алаң болып табылады. Конференция пленарлық отырыстарды, параллель секциялық талқылауларды, ғылыми ворк-шоптарды және постконференциялық білім беру іс-шараларын қамтыды.
Конференция аясында цифрлық экономика, цифрлық басқару, халықаралық сауда, инновациялар және жаһандық цифрландыру жағдайындағы көші-қон процестері мәселелері талқыланды. Халықаралық тәжірибе алмасу мен пәнаралық ғылыми диалогқа ерекше назар аударылды.
Тақырыптық сессия барысында «Қазіргі Қазақстандағы цифрлық көші-қон тұжырымдамасы» атты баяндама ұсынылып, қатысушылар тарапынан қызығушылық пен кәсіби пікірталас тудырды. Баяндама халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ұсыныстармен сүйемелденді.
CIEMB 2025 конференциясына қатысу халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейтуге және университеттің академиялық беделін нығайтуға ықпал етті.


