Шымкент университетінде студенттермен маңызды кездесу өтті. Кездесуге арнайы қонақ ретінде Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашитұлы Бейсенбаев қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, дроперлік, қыз алып қашу, нашақорлық және сталкинг сияқты қоғамдағы өзекті тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Студенттер заң талаптарын сақтау, алаяқтық әрекеттерге араласпау және жеке қауіпсіздігін қорғау туралы маңызды ақпарат алды.

Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы