Студенттік стартап жоба

Студенттік стартап жоба

2026 жылдың 12 наурыз күні Шымкент университетінде Ғылым Департаментінің ұйымдастыруымен Студенттік стартап жоба байқауы аясында  білім алушылардың  стартап жобаларын таныстыру бойынша іс-шара болып өтті.  Студенттік ғылыми стартап жобаларды өткізудің мақсаты: білім алушыларды ғылымға қызықтыру және жаңашыл көзқарастарды ояту мен заманауи тың идеяларды іске асыру үшін студентерге бағыт-бағдар беру болып табылады.  Іс-шараға Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор, б.ғ.д., профессор Исаева Акмарал Умирбековна және ғылым департаментінің басшысы з.ғ.к., қауым профессоры Ақшатаева Жанна Байбековна  қатысып, студенттердің стартап жобаларын тыңдап, өз пікірлерін білдірді. Кафедралар бойынша әртүрлі бағытта 10 ғылыми стартап жоба тыңдалды. Жоба авторлары:

  1. Жаратылыстану кафедрасынан
  • “Adyraspan Eco Seed Candle”,
  • “EcoDish”,
  • “Eco Lufa Soap”
  • “Eco-VermiCompost” тақырыптарымен 1 курс студенттері: Мұрат Ақниет, Байсалы Сара, Амантай Сымбат, Мейірбек Анеля өз стартаптарын таныстырды. Жетекшілері:  Жошибекова Б.С., Рахимбердиева Ж.Ш., Самихова Мадина;
  1. Дене шынықтыру және спорт кафедрасынан
  • “Фитнес жаттығулары арқылы артық салмақтан арылу” тақырыбында 3 курс студенті Кулниязов Элёр, жетекшісі Серимбетов.Ж.Ш.;
  1. Филология кафедрасынан
  • “NotBot білім және туризмге арналған көпфункционалды чат-бот” тақырыбында 2 курс студенті Ералиева Аруна, жетекшісі Керимбаева С.Е.;
  1. Педагогика кафедрасынан

- “EcoCraftLab – тұрмыстық қалдықтан таңғажайып талғам әлеміне” тақырыбында 3 курс студенті Бегимбай Көркем , жетекшісі Айткулова Г.А.; 

  1. Математика және информатика кафедрасынан

- “FinGuard Сіздің қаржы мен құқығыңыздың қорғаны” атты тақырыбында 1 курс студенті Абдикадир Ерасыл, жетекшісі Жуманова Р.Е.; 

  1. Бизнес және басқару кафедрасынан

- “FinGuide KZ Жеке қаржыны басқаруға арналған интеллектуалды цифрлық платформа” тақырыбында 1 курс студенті  Адыкадыр Нурбибі, жетекшісі Рысбаева С.К.;  

  1. Құқық және тарих кафедрасынан

- “Edual Helper оқушылардың үй тапсырмасына көмектесуге арналған интеллектуалды АІ-көмекші” тақырыбында 1 курс студенті Сапар Мадина, жетекшісі Мұсабек Ж.Қ. өз жобаларымен таныстырды. Іс-шарада студенттер әр-түрлі сұрақтарға жауап беріп, бірнеше ұсыныстар талқыланды. Отырыс соңында байқау шарттары тағы да ескертіліп, келесі кезең ережелері айтылды. Іс-шара қызықты өтіп, білім алушылар білімдерін одан әрі шыңдауға серпіліс алды. 

      

Алдағы кезеңдерге жоба авторларына сәттілік тілейміз!!!

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы