ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
2026 жылғы 7 сәуірде Шымкент университетінде «Қазақстан Республикасындағы жастар үшін жасанды интеллект және цифрлық трансформация» атты халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті. Аталған іс-шара қазіргі заманғы білім беру мен ғылым саласындағы өзекті бағыттарды қамтып, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталды.
Конференцияның негізгі мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау, жастарды ғылыми қызметке белсенді тарту, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу мен өзара ынтымақтастықты нығайту болды.
Ғылыми жиынның ашылу рәсімінде Шымкент университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сейткулов Нұрлыбек Ақынұлы сөз сөйлеп, цифрлық трансформация дәуірінде жасанды интеллекттің маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол білім беру жүйесін жаңғыртудағы инновациялық технологиялардың рөліне назар аударып, студенттердің ғылыми ізденістерін қолдаудың маңызын атап өтті.
Конференция модераторы – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Исаева Ақмарал Үмірбекқызы болды. Ол конференция жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына және мазмұнды өтуіне ықпал етті.
Конференция жұмысы білім беру бағдарламалары топтарына сәйкес бірнеше секция бойынша жүргізілді. Атап айтқанда:
– жаратылыстану ғылымдары және оқыту әдістемесінің жасанды интеллект жағдайындағы дамуы;
– тіл білімі мен ұлттық әдебиеттегі жаңа бағыттар;
– әлеуметтік-экономикалық дамуға жасанды интеллекттің әсері;
– информатика, физика-математика және ІТ-АІ бағыттары;
– «Жасанды интеллект және ғылымның болашағы: пәнаралық тәсілдер мен технологиялар»;
– «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі»;
– «Қазақстан Республикасындағы құқықтық жүйенің тарихи эволюциясы және цифрлық трансформация дәуіріндегі жасанды интеллекттің рөлі».
Пленарлық мәжілісте отандық және шетелдік ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің PhD, доценті Монтаев Ардақ Базарбекұлы «Электрондық демократия: цифрландыру жағдайындағы мүмкіндіктер мен сын-қатерлер» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, Пәкістандағы Government College University (Faisalabad) оқу орнының қауымдастырылған профессоры Mahmood-ur-Rahman Ansari биоинформатика және биотехнология саласындағы өзекті мәселелерді қозғады. Анкара университетінің докторанты Tansu Merve Soylu онлайн форматта қатысып, түркілер мен корейлер арасындағы тарихи және тілдік байланыстар туралы баяндама жасады.
Өзбекстан Республикасындағы Низами атындағы ұлттық педагогикалық университетінің өкілі Кудратходжаева Дилшодахон Гайратиллақызы цифрлық трансформация жағдайында онлайн-платформаларды қолдану арқылы кооперативтік құзыреттілікті дамыту жолдарын ұсынды. Қырғызстандағы Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің өкілі Бекташова Каныкей Дайырбекқызы қар барысын экотуризм нысаны ретінде қарастырып, оны басқаруда цифрлық және GPS технологиялардың маңызын атап өтті.
Ташкент қаласындағы Әлеуметтік және саяси ғылымдар институтының өкілдері Хумора Холмоминова Абдухоликовна мен PhD, қауымдастырылған профессор Зоя Сәрсенбаева ағылшын тілін оқыту үдерісінде жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Сонымен қатар, Шымкент университетінің «Математика және информатика» кафедрасының 1 курс студенті Абдикадир Ерасыл Маратұлы «FinGuard – қаржы және құқық саласындағы интеллектуалды көмекші» жобасын таныстырды.
Конференция қорытындысы бойынша 7 секция аясында үздік ғылыми баяндамалар анықталып, келесі студенттер марапатталды:
–Саутпаев Нұр-Мұхаммед
–Болатқызы Інжу
–Наматжановна Жасмина Камалитдиновна
–Абдихалилова Нодира Руслановна
–Азадиллаева Озодахон
–Асан Мөлдір
– Омар Балнур
Аталған халықаралық конференция студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттырып, олардың кәсіби дамуына серпін беретін маңызды ғылыми алаңға айналды. Конференция аясында ұсынылған баяндамалар мен пікірлер болашақта ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.