2026 жылғы 22–24 сәуірде Астанада өткен Аймақтық экологиялық саммитке (RES 2026) Шымкент университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының докторы, профессор А.У. Исаева қатысты. Саммит Орталық Азия елдерін климат пен қоршаған ортаның өзекті мәселелері бойынша үйлестірілген диалогты дамыту мақсатында біріктірді.
Пленарлық отырыста Орталық Азия елдерінің, Арменияның, Грузияның және Моңғолияның президенттері, сондай-ақ Әзірбайжанның премьер-министрі сөз сөйледі. Сонымен қатар БҰҰ жүйесінің жоғары деңгейдегі өкілдері – экономикалық және әлеуметтік істер жөніндегі Бас хатшының орынбасары Ли Цзюньхуа, БҰҰ-ның Қоршаған орта бағдарламасының атқарушы директоры Инге Андерсен және БҰҰ-ның Еуропа экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Татьяна Молочан қатысты.
Саммитке сондай-ақ Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ Армения, Әзірбайжан, Грузия, Германия, Беларусь, Түркия, Италия, Қытай, Камбоджа, Сербия, Моңғолия, Хорватия, Жапония, Ауғанстан, Ресей Федерациясы және басқа да мемлекеттердің экологиялық ведомстволарының басшылары қатысты.
Саммит аясында Шымкент университетімен болашақта бірлескен ғылыми-зерттеу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында жұмыс жасау жоспарланды.




