2026 жылғы 21 мамыр күні Шымкент университеті базасында «Қазақстан Республикасының дамуындағы цифрлық трансформация және жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және практикалық шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өтті.
Конференцияға алыс-жақын шетелдерден, атап айтқанда Өзбекстан, Қырғызстан, Шри-Ланка және Түркия елдерінен келген ғалымдар қатысып, пленарлық секцияда өз баяндамаларын ұсынды.
Іс-шара секциялық отырыстармен жалғасып, 7 бағыт бойынша ғылыми талқылаулар жүргізілді:
«Жаратылыстану ғылымдарындағы цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект: модельдеу, талдау және экологиялық қауіпсіздік»
«Цифрлық дәуірдегі құқық пен тарихи сана: жасанды интеллектті құқықтық реттеу және тарихи деректерді цифрландыру»
«Тіл және цифрлық коммуникация: жасанды интеллект, лингвистика және мәдениетаралық байланыс»
«Білім берудегі цифрлық трансформация: жасанды интеллект негізіндегі оқыту технологиялары»
«Цифрлық экономика және жасанды интеллект: басқару стратегиялары, кәсіпкерлік және инновациялар»
«Спорттағы цифрлық технологиялар: жасанды интеллект, деректер талдауы және денсаулық мониторингі»
«Жасанды интеллект және математика ғылымы: алгоритмдер, модельдер және цифрлық жүйелерді дамыту»
Конференция аясында ғылым мен білім саласындағы цифрлық трансформация, жасанды интеллект технологияларын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен талқыланды.






