2026 жылдың 20 мамырында Түркия Республикасының Аланья университеті мен Шымкент университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум аясында тараптар білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық салаларында өзара ынтымақтастықты дамытуға келісті. Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушылармен алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.
Бұл серіктестік екі жоғары оқу орны арасындағы халықаралық байланысты нығайтып, білім мен ғылым саласындағы тәжірибе алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.