Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің профессорлары дәріс оқыды

2025–2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасына Омбы қаласынан ғалымдар шақырылды. Олар – Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессоры Курдуманова Ольга Ивановна және химия ғылымдарының кандидаты, доцент Скворцова Ирина Викторовна.

2026 жылғы 4–16 мамыр аралығында профессор О.И. Курдуманова 6В01504 – «Биология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне «Биохимия» пәні бойынша 72 сағат дәріс оқыды. Ал доцент И.В. Скворцова 6В01503 – «Химия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Сапалық талдау» пәні бойынша дәрістер жүргізді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы