Шымкент университеті ғалымдарының халықаралық конференциядағы жетістігі

Польша Республикасының Варшава университетінің Биология факультеті ұйымдастырған «43rd International Conference of Polish Phycological Society» халықаралық ғылыми конференциясы Варшава қаласындағы Фаленты демалыс орталығында өтті.Халықаралық ғылыми форумға Еуропа елдерімен қатар Индонезия, Латвия және Литва мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. Конференцияға Шымкент университетінің ғалымдары да белсенді қатысып, өз зерттеулерін ұсынды.Биология ғылымдарының докторы, профессор А.У. Исаева «Оңтүстік Қазақстандағы Ленгер өзенінің альгофлора түрлерінің алуантүрлілігіне қоңыр көмір қалдықтарының әсері» тақырыбында баяндама жасады.Ал PhD, доцент м.а. Жанар Рахымбердиева «Green microalgae as bioindicators and bioremediators in sedimentary phosphorus-containing waters» тақырыбында ғылыми постерлік баяндама ұсынып, жасыл микробалдырлардың су экожүйелерін бағалау мен тазартудағы рөлін таныстырды.Конференция барысында ұсынылған зерттеу нәтижелері қатысушылардың қызығушылығын тудырып, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және болашақтағы бірлескен жобалардың дамуына мүмкіндік берді.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы