Ғылыми жоба ҰҒТСО тарапынан оң бағаланып, әрі қарай қаржыландыруға ұсынылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын AP26194613 «Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» атты ғылыми жоба Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) мониторингінен сәтті өтті. Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша жоба оң қорытынды алып, одан әрі іске асыруға және қаржыландыруға ұсынылды. Бұл жобаның ғылыми маңыздылығының жоғары деңгейін, өзектілігін және практикалық қажеттілігін айқын көрсетеді. Жоба аясында ауыл шаруашылығы өндірісін инновациялық жаңғырту жағдайындағы экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне кешенді зерттеу жүргізілуде. Ғалымдар экологиялық қауіпсіздіктің теориялық және құқықтық негіздеріне, сондай-ақ аграрлық саладағы экологиялық талаптарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасына жан-жақты талдау жасады. Мониторинг қорытындысының оң болуы таңдалған ғылыми бағыттың өзектілігін растайды. Алынған ғылыми нәтижелер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіруде және аграрлық сектордағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құқықтық тетіктерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне, ҰМҒТСО сарапшыларына, университет басшылығына және зерттеу тобының барлық мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы, экологиялық қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы өндірісінің инновациялық дамуы бағытындағы өзекті мәселелерді шешуге арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі белсенді түрде жалғастырамыз.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы