Шымкент университеті QS Stars халықаралық рейтингінде жоғары бағаланды

Image

Шымкент университеті беделді британдық Quacquarelli Symonds (QS) рейтингтік агенттігі жүргізетін QS Stars халықаралық бағалау жүйесінің тәуелсіз аудитінен сәтті өтіп, жалпы қорытынды бойынша 3 жұлдыз иеленді. Сонымен қатар университет екі маңызды бағыт – Teaching (Білім беру сапасы) және Good Governance (Тиімді басқару) бойынша ең жоғары 5 жұлдыз бағасына қол жеткізді.

QS Stars – жоғары оқу орындарының қызметін тәуелсіз бағалайтын әлемдегі ең беделді халықаралық жүйелердің бірі. Бағалау университеттердің қызметін бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша жан-жақты талдау негізінде жүргізіліп, нәтижесінде білім беру ұйымдарына 1 жұлдыздан 5 жұлдызға дейінгі баға беріледі.

Қол жеткізілген нәтижелер Шымкент университетінің білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейде екенін, халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетінін, басқару жүйесінің тиімділігін және профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби біліктілігін айқын көрсетеді.

Университет басшылығы бұл жетістік білім беру сапасын одан әрі арттыруға, инфрақұрылымды жетілдіруге, инклюзивті білім беру ортасын дамытуға, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуге және университеттің халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін нығайтуға қосымша серпін беретінін атап өтті.

QS Stars халықаралық бағалау жүйесінде жоғары нәтижеге қол жеткізу – Шымкент университетінің әлемдік үздік тәжірибелерге сай дамуға, сапалы білім беруге және жаңа буынның бәсекеге қабілетті мамандарын даярлауға деген ұмтылысының айқын дәлелі.

Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы