«Қозғалыс – денсаулық негізі»: Шымкент университетінде дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 30 қыркүйекте Шымкент университетінде Тұрақты даму мақсаттары аясында «Қозғалыс – денсаулық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігінің маңызын түсіндіру және спорт пен денсаулық мәдениетін насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, күнделікті дене белсенділігінің адам денсаулығына әсері және жастардың спортпен тұрақты айналысуы жөнінде пікір алмасты.
Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», сондай-ақ 11, 13 және 17-мақсаттарымен сабақтастырылды.
Шараға ОПҚ мен білім алушылар қатысып, өзара тәжірибе және пікір алмасты.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!
