Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамын халықаралық Scopus деректер базасында индекстелетін, Q1 және Q2 квартильдеріне кіретін беделді ғылыми журналдарда мақалаларының жариялануымен құттықтаймыз!

 

Ғалымдарымыздың бұл жетістігі — жүйелі ғылыми ізденістің, кәсіби біліктіліктің және отандық ғылымды дамытуға бағытталған табанды еңбектің нәтижесі.

 

Халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген мақалалар:

  1. Джанабаев Даурен Джумагалиевич

   Мақала тақырыбы: AI-supported pedagogical pipeline for computing students’ research competence

(https://www.scopus.com/pages/publications/105052228418?origin=resultslist)

   Журнал: International Journal of Evaluation and Research in Education(https://www.scopus.com/sourceid/21100934092?origin=resultslist) — Q2

  1. Исаева Акмарал Умирбековна

   Мақала тақырыбы: Biological utilization of phosphorus-containing sediment waters using green microalgae: Efficiency, mechanisms, and optimizationт  (https://www.scopus.com/pages/publications/105051407198?origin=resultslist)

   Журнал:Journal of Ecological Engineering (https://www.scopus.com/sourceid/21100246533?origin=resultslist)   — Q2

 

  1. Исаева Акмарал Умирбековна

   Мақала тақырыбы:Bioactive Compounds of Aboveground Organs of Salicornia europaea L. from the East Kazakhstan Flora (https://www.scopus.com/pages/publications/105048503395?origin=resultslist)

   Журнал:Molecules (https://www.scopus.com/sourceid/26370?origin=resultslist)  — Q1

  1. Сагинова Сания

   Мақала тақырыбы: Optimization of Investment Structure: Driving Tourism Economic Growth in Kazakhstan (https://www.scopus.com/pages/publications/105048407382?origin=resultslist)

   Журнал: Economies (https://www.scopus.com/sourceid/21100902009?origin=resultslist)-Q1

  1. Тойбекова Багдат

   Мақала тақырыбы: Embodied Measurement and Cultural Cognition in Kazakh and English Mensurative Idioms: A Comparative Body–Mind–Culture Perspective (https://www.scopus.com/pages/publications/105048676580?origin=resultslist)

 

   Журнал: International Journal of Body, Mind and Culture (https://www.scopus.com/sourceid/21100981168?origin=resultslist)  — Q2

 

  1. Керимбаева Сания Есенгельдиевна

   Мақала тақырыбы: A Pedagogical Framework for Ethical Skill Development in Higher Education within Smart Learning Environments (https://www.scopus.com/pages/publications/105034927008?origin=resultslist)

 

   Журнал: International Journal of Modern Education and Computer Science (https://www.scopus.com/sourceid/21100992407?origin=resultslist)  — Q2

      Аталған ғылыми еңбектер педагогика, экология, биология, экономика және тіл білімі бағыттарындағы өзекті мәселелерді қамтып, университетіміздің ғылыми-зерттеу әлеуетінің жоғары екенін айқындайды. Ғалымдарымыздың халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдары Шымкент университетінің әлемдік ғылыми кеңістіктегі беделін арттыруға елеулі үлес қосады.

      Құрметті ғалымдар, сіздерді маңызды ғылыми жетістіктеріңізбен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа идеяларыңыз табысты жобалар мен құнды жаңалықтарға ұлассын. Алдағы уақытта шығармашылық шабыт, толағай табыс, халықаралық деңгейдегі жоғары көрсеткіштер және жаңа ғылыми белестер тілейміз!

Ғылыми жетістіктеріңіз еселеніп, еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін!

Құрметпен,  Ғылым департаменті