2026 жылғы 21 қазанда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, саясаттанушы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Іс-шараға Шымкент университетінің ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Б. Ақшатаева және «Педагогика және психология» ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD Г.А. Белгибаева қатысты.
Таныстырылым барысында кітаптың негізгі идеялары, мазмұны мен ғылыми-танымдық құндылығы талқыланды. Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы, жүзеге асырылып жатқан реформалардың маңызы және елдің болашақ даму бағыттары жөнінде пікірлер айтылды. Сондай-ақ саяси және әлеуметтік жаңғыру үдерістеріне, реформалардың қоғам өміріндегі рөлі мен тарихи маңызына ерекше назар аударылды.
Кездесу ғылыми қауымдастық өкілдеріне өзара пікір алмасуға, ел болашағына қатысты маңызды мәселелерді зерделеуге және қоғамдық-саяси үдерістерді ғылыми тұрғыдан талқылауға мүмкіндік берді.


