Шымкент университетінің делегациясы Балидегі QS Asia Pacific 2026 саммитіне қатысуда
Шымкент университетінің Басқарма төрағасы Ғ.С. Пралиев бастаған делегациясы құрамында университет ректоры Нұрлыбек Сейткулов 2026 жылғы 3–5 қараша аралығында Индонезияда өткен QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2026 халықаралық саммитіне қатысты.
Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі жоғары білім беру саласындағы ең ірі форум 3–5 қараша аралығында өтуде. Жиынға әлемнің 40-тан астам елінен 1560-тан астам делегат қатысып жатыр. Биылғы саммиттің басты тақырыбы — «Білім беруді мақсат пен ықпал үшін дамыту».
Форум аясында білім беруді интернационалдандыру, заманауи технологияларды біріктіру және болашақ еңбек нарығының сын-қатерлеріне сай кадрлар даярлау мәселелері талқыланады. Негізгі іс-шаралар 5 қарашада аяқталса, 6 қараша күні QS рейтингтерінің әдіснамасы бойынша эксклюзивті тәжірибелік семинар өтеді деп жоспарланған.



