Шымкент университеті Индонезияның Бали аралында өткен QS Азия-Тынық мұхиты саммитінде (QS Asia-Pacific Summit 2026) QS Stars халықаралық бағалау жүйесі бойынша үш жұлдызды сертификатқа ресми түрде ие болды.

2026 жылғы 3–5 қараша аралығында Шымкент университетінің делегациясы Индонезияның Бали аралында ұйымдастырылған QS Asia-Pacific Summit 2026 халықаралық саммитіне қатысты.

Халықаралық саммит аясында Шымкент университетіне QS Stars бағалау жүйесі бойынша үш жұлдыз берілгенін растайтын сертификат салтанатты түрде табысталды. Бұл маңызды жетістік университеттің халықаралық деңгейде дамуының жаңа кезеңін айқындап, жоғары білім сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының нәтижесін көрсетті.

QS халықаралық саммитіне әлемнің 40-тан астам елінен жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, сарапшылар мен сала мамандарын қоса алғанда, 1500-ден астам қатысушы жиналды. Іс-шара барысында жоғары білім беру саласындағы өзекті үрдістер, даму перспективалары мен заманауи сын-қатерлер талқыланды.

Саммитке қатысу Шымкент университетіне халықаралық кәсіби байланыстарды кеңейтуге, жоғары оқу орындарын дамытудың озық тәжірибелерімен танысуға және әлемдік академиялық қауымдастық өкілдерімен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

QS Stars жүйесі бойынша үш жұлдызға ие болу – Шымкент университеті үшін маңызды халықаралық жетістік. Бұл нәтиже білім беру қызметтерінің сапасын одан әрі арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және университеттің әлемдік білім беру кеңістігіндегі беделін нығайтуға қосымша серпін береді.

Шымкент университеті білім беру сапасының заманауи халықаралық стандарттары мен әлемдік озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялану бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырады.