Шымкент университетінде психоанализ саласының мамандарымен кездесу өтті

2026 жылғы 19 қазанда Шымкент университетінде Орталық Азия психоанализ институтының директоры Анна Кудиярова мен Тамара Асимованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

«Педагогика» кафедрасы ұйымдастырған іс-шараға университет оқытушылары, студенттер мен магистранттар қатысты. Кездесу барысында психоанализ саласының өзекті мәселелері талқыланып, қатысушыларға мамандармен пікір алмасуға және кәсіби сұрақтар бойынша жауап алуға мүмкіндік берілді.

Іс-шара білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, психология саласындағы білімдерін тереңдетуге және тәжірибе алмасуға бағытталды.