Image
Image
Image
Image
Image
Image

Шымкент университетінде Қытай ғалымдарымен халықаралық кездесу өтті

2026 жылғы 20 қарашада Шымкент университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының ұйымдастыруымен Қытай Халық Республикасы Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өңірінің Мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге институт өкілдері Марзия Ясен, Чжан Яньхуа, Аминигули Абляз және Юй Лицзюань қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайту, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және аграрлық ғылым салаларындағы озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді өзара бөлісу.

Тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, тәжірибе алмасу және жоғары білікті мамандар даярлау бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында алдағы уақытта бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және екіжақты серіктестікті одан әрі дамытуға қызығушылық білдірілді.

Аталған кездесу Шымкент университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге және аграрлық ғылым саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.