Академиялық ұтқырлық
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 14-15 сәуірінде Өзбекстан Республикасына ресми сапары барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев 2019 жылды "Өзбекстандағы Қазақстан жылы" деп жариялаған болатын.
Мемлекет басшыларының мәмілелеріне орай ҚР Президенті сапарынан кейін ҚР ЖОО-ң арасында тұңғыш болып Шымкент университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Самарқанд қаласындағы Самарқанд мемлекеттік университетіне, Самарқанд мемлекеттік шет тілдері инстутына және Самарқанд экономика және сервис институтына 2019 жылдың 16-21 сәуірі аралығында іс сапарға барды.Кездесу барысында Қазақстандық және Өзбекстандық ЖОО-ры арасында "Академиялық ұтқырлық" бағдарламасы аясында ортақ жоспарлар мен шаралардың жобасы түзіліп, білім мен тәрбие беруде тәжірибе алмасу, руxани жаңғыру бағытында ауқымды шаралар атқарылды.