«Құқық қорғау органдары жүйесінде пилоттық жобалардың жүзеге асырылуы»

«Құқық қорғау органдары жүйесінде пилоттық жобалардың жүзеге асырылуы»


 24.04.2019 ж. университеттің конференц-залында «Қаржы және құқықтану» кафедрасының ұйымдастыруымен Құқықтану, Қаржы, Тарих, География  мамандықтарының студенттері мен университетіміздің белсенді  студенттерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдары жүйесінде пилоттық жобалардың жүзеге асырылуы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

       Аталған  іс-шараға  Шымкент қ. Қаратау аудандық соттың төрағасы Рахманберді  Ермахан  Еркінұлы, Қаратау  аудандық  прокуратурасының  прокуроры   Арапбай Сабыржан Әлімұлы және Қаратау аудандық полиция  басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция  подполковнигі  Амирбеков  Марат  мырзалар  қатысты. Аталған  іс-шарада  қонақтарымыз  өз  салалары  бойынша  іргелі  ақпарат  және  жаңа  енгізіліп жатқан  пилоттық  жобаларымен  таныстырды. Бұл өткізілген дөнгелек үстелден студенттердің алған ақпараттарының маңызы өте зор және болашақта өмірлік тәжірибесінде қолдана алатындығына сенім білдіреміз. 


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61