Ұстаздар мерекесі

Ұстаздар мерекесі


Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 2-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» орай Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы, университетіміздің ардақты ұстаздарына құттықтау сөз айтты.«Сіздерді Ұстаздар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл­халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар», дей келіп, – құттық­тау­да Ұстаз сөзінің қа­сиетті ұғымдардың қатарынан орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Шымкент университетінің ректоры Педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Сейтқұлов Нұрлыбек Ақынұлы,университет оқытушыларын алғыс хаттармен марапаттады.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61