Шымкент университетінде ғылыми жобаларды дамыту мәселелері талқыланды

Шымкент университетінде ғылыми жобаларды дамыту мәселелері талқыланды


Шымкент университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Н.Н. Ажиметовтың университет профессорлық-оқытушылық құрамымен 2022 жылғы ақпанда өткен кездесуінде ПОҚ, магистранттар мен студенттердің халықаралық/республикалық ғылыми-практикалық (студенттік) конференцияларға қатысуы, университет атынан жас ғалымдарды, студенттерді гранттық және басқа да жобаларға дайындау үшін ғылыми мектептерді дамыту мәселелері айтылды. Кездесу барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан белгіленген стандарттарға сәйкес алдағы мемлекеттік аттестаттауға дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.

Ғылым және халықаралық қатынастар департаментінің директоры Тастанбекова Г.Р. атап өткендей, университетті аккредиттеуге дайындық мәселесі бүгінгі таңда басым бағыттардың бірі болып табылады және әріптестерінен алдағы іс-шараларға тиісті назар аударуды сұрады. Атап айтқанда, қазіргі уақытта Департамент қажетті материалдарды жинауды айтарлықтай жеңілдететін кесте нысандарын әзірледі.

 

Кеңес барысында т.ғ.к., доцент Е.А.Қыстаубаев ғылым және инновация бойынша хат-хабарларды тікелей жауапты А. Ахметоваға жолдауды ұсынды; оқытушылар Д.А.Құланова мен Р.Т.Қожабекова ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған басылымдарда және Scopus деректер базасында индекстелетін шетелдік ғылыми басылымдарда мақалалар жариялауға көмек көрсетуді сұрады; магистр, Бизнес және басқару кафедрасының меңгерушісі А. К. Ибраева университетте оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар және т. б. басып шығаруға арналған шағын баспахана ашу мүмкіндігіне қызығушылық танытты.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish