Kazakhstan Smart Space

Kazakhstan Smart Space


Биология ғылымдарының докторы, профессор А.У.Исаева жетекшілік ететін университетіміздің жобалық тобы І-ші Халықаралық байқауының финалына қатысу үшін «KazakhstanSmart Space» ғарыштық техника және технологиялар саласында онлайн іріктеу кезеңінен өтті.

 

16 желтоқсанда 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және адамның ғарышқа тұңғыш ұшуының 60 жылдығына арналған «KazakhstanSmartSpace» ғарыштық техника мен технологиялар бойынша мектептер, колледждер және жоғары оқу орындары студенттері арасында халықаралық байқау басталды.

Байқаудың ақтық кезеңі 2022 жылғы 8-10 сәуірде Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және коммуникациялар университетінде өтеді деп жоспарланған.

Конкурстың мақсаттары:

  • Қазақстан Республикасының және басқа елдердің оқу орындарының студенттері арасында ғарыштық техникалар мен технологиялар саласындағы ғылыми-техникалық шығармашылықты насихаттау;
  • Қазақстан Республикасында және шетелде халықаралық конкурстар мен жарыстарға қатысу, мектеп оқушыларының, колледж студенттері мен ЖОО студенттерінің коммуникацияларын қалыптастыру және дамыту үшін үздік жобалық командаларды іріктеу.

Университетіміздің биология ғылымдарының докторы, профессор А.У.Исаева жетекшілік ететін жобалық тобы «Балық шаруашылығына арналған микробалдырлар мен гидропониканың көмегімен жабық сумен жабдықтау жүйесін құру» тақырыбымен І-ші Халықаралық байқаудың финалына қатысу үшін «KazakhstanSmartSpace» Ғарыштық техника мен технологиялар саласында онлайн іріктеу кезеңінен өтті.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61