2022 жылдың 18 тамызында Шымкент университетінде А.Мицкевич атындағы Познань университетінің химия ғылымдарының докторларымен Леска Б., Мессиас Б., Панкевич Р., Тадеуш Л. кездесу өтті.
Ғалымдардың келу мақсаты – магистранттарға дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізу. Шетелдік қонақтарға университет бойынша экскурсия ұйымдастырылып, олар оқу кабинеттерімен, ғылыми зертханалармен танысты.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы бірлескен меморандумға қол қойылды.