ЖАСТАР ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚОЛДАЙДЫ.


ҚР Президенттігіне үміткер Қ. Тоқаевтың сенімді өкілдері Шымкент университетінде жастармен кездесу өткізді. Қоғамдық штаб мүшелері Лазиз Сулайманов, Қайрат Имашмашев кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы жастарға қатысты мәселелерге тоқталды.

Атап айтқанда, олар жастар саясатының тұжырымдамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын, «Жастар үшін» емес, «Жастармен бірге» қағидасы негізге алынатындығын атап өтті.

Қоғамдық кеңестерде арнайы жастар квотасы енгізілетіндігі де жайлы айтылды. Конкурстық негізде жаскәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беріледі.

Штаб мүшелері студенттердің толғандығын сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын да тыңдады. Жастарды алда келе жатқан сайлауға белсенді қатысуға шақырды.


Байланыстар

Мекен-жайы: Шымкент қаласы,
Қаратау ауданы, Тассай шағын ауданы,
Жібек жолы көшесі, жер телімі №6
Индекс:
160031
Тел.: 8(7252) 55-58-61
Пошта: shu2050@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2001 - 2024 Шымкент Университеті

Ақпарат:

Email: shu2050@mail.ru
Тел: 8 (7252) 55-58-61

English Turkish